Сот төрелігі академиясының магистранттарының алғашқы конференциясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 14 сәуірі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Мемлекеттік-құқықтық жаңғырту кезендерінде құқықтың үстемділігін қамтамасыз ету» атты магистранттардың алғашқы жоғары оқу орнының ішкі ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысы Академия ректоры М.Бейбітовтың алғы сөзінен басталды. Ректор өз сөзінде Академияның магистранттары арасында ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңыздылығын атап өтті. М.Бейбітов өзінің сөзінде, болашақ судья үшін тек қана тәжірибе ғана емес, ең алдымен терең ғылыми теориялық білім қажет екендігін айта кетті.

Конференцияның жұмысы қазіргі кезенде конституциялық және әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық-процестік, сондай-ақ азаматтық және азаматтық-процестік заңнамаларын жетілдіру мәселелеріне арналған үш секциялар бойынша жүргізілді.

Жалпы баяндамамен Академияның 71 магистранты қатысты.

Жұмыс барысында қазіргі заңнаманың маңызды мәселелері бойынша талқылау жасалып, пікір алмасу өтті.

 Конференцияның нәтижесі бойынша жоғары оқу орныан кейінгі институттын директоры мен кафедра меңгерушілерімен әр секция бойынша өзгеден ерекше болған магистранттар «Үздік баяндама», «Креативті тәсілдеме үшін», «Белсенді қатысқаны үшін» номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.

Конференцияға қатысушылар өздерінің ғылыми әлеуеттерін одан әрі дамытуға және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция деңгейіне дейін арттыру арқылы одан әрі жасалатын ғылыми жұмыстар үшін негіз құру туралы келісті.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы