Оқуға түсушілерге арналған ақпарат

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты немесе өзге де көздер есебінен «7M04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының «7M042 – Құқық» бағыты бойынша магистратураға оқуға қабылдауды жүргізеді.

Магистратураның мақсаты – сот жүйесіне кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Оқу нысаны – күндізгі

Оқу мерзімі – бір жыл

Құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 31 шілде аралығында жұмыс күндері жүзеге асырылады.

Оқуға түсу емтихандары 5 – 22 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Ақылы негізде оқу құны туралы қосымша хабарланатын болады.

Төлемді әр семестр басталғанға дейін тең үлестермен, сондай-ақ қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бір мезгілде толық көлемде жүргізуге болады.