Хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2024 жылдың 3 сәуір 6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық, Сот төрелігі академиясының магистратурасына түсу емтиханының бірінші кезеңін тапсыруға дайындық  онлайн-курсын өткізу жоспарлануда. Курстың ұзақтығы - 86 сағат (2 ай). Сабақ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 19:30-дан 21:20 дейін өткізіледі.

Курстарды өткізуге Жоғарғы сот және жергілікті соттардың судьялары, Академияның оқытушылары,  сондай-ақ жетекші мамандар шақырылды.

Бір тыңдаушыға курс құны - 187 222 теңге.

Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49.

Электронды пошта: akademiya.kursy@bk.ru

Курстың бағдарламасымен осында таныса аласыз.

 

 

2024 жылғы 27-29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында заң консультанттары, жоғары заң білімі бар тұлғалар, адвокаттарға арналған «Жер құқығы және жылжымайтын мүліктің өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру онлайн-курсын өткізу жоспарлануда. Курстың ұзақтығы - 20 сағат (3 күн, сағат 9:30дан 18:10 дейін). Курстарды өткізуге Қостанай қалалық сотының төрағасы (Шакаров К.К.), және жергілікті соттардың судьялары (Карагаев Р.Н., Амангелдин А.Т.), Қазақстанның білікті сарапшылары шақырылған.

Бір тыңдаушыға курс құны -  62 360 теңге. Өтініштер 2024 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Курстың соңында сертификат беріледі.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, +7-701-700-88-68

Электронды пошта: akademiya.kursy@bk.ru

Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.

Курстың бағдарламасымен осында таныса аласыз.

 

2024 жылғы 21-23 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында заң консультанттары, жоғары заң білімі бар тұлғалар, адвокаттарға арналған «Банк және салық даулары бойынша өзекті мәселелер, банкроттық мәселелері» атты біліктілікті арттыру онлайн-курсын өткізу жоспарлануда. Курстың ұзақтығы - 20 сағат (3 күн, сағат 9:30дан 18:10 дейін). Курстарды өткізуге отставкадағы судья (Искакова Э. Ж.), Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы (Давлетова А. А.), Қостанай қалалық сотының төрағасы (Шакаров К.К.), Қазақстанның білікті мамандары шақырылған.

Бір тыңдаушыға курс құны -  62 360 теңге. Өтініштер 2024 жылдың 19 ақпанына дейін қабылданады. Курстың соңында сертификат беріледі.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, +7-701-700-88-68

Электронды пошта: akademiya.kursy@bk.ru

Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.

Курстың бағдарламасымен осында таныса аласыз.