Жаңалықтар

«Жұмыстың практикалық маңыздылығы» номинациясы бойынша Академия магистранты марапатталды

22/04/2024

2024 жылғы 12 сәуірде Сот төрелігі академиясының магистранты Парманқұлов Бекжан Сәлкенұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына онлайн қатысты. Магистрант Бекжан Парманқұлов өзінің магистрлік жобасы аясында жүргізген зерттеулері бойынша «Экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін залалды өтеу туралы істерді соттардың қарау практикасы» тақырыбына баяндамама жасаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясының магистранттары 2024 жылы 1 сәуір мен 12 сәуір аралығында В. Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінде тағылымдамадан сәтті өтті.

19/04/2024

2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы (бұдан әрі - сот төрелігі Академиясы) және В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті (бұдан әрі - ОМЗУ) арасында оқу-әдістемелік, зерттеу және ғылыми-практикалық қызмет, сондай-ақ кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот төрелігі Академиясының магистранттары ОМЗУ қосымша білім беру Институтында күндізгі форматта тағылымдамадан сәтті өтті.

Құрметті әріптестер!

12/04/2024

Сіздерді 2024 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Адам құқықтары: заңнамалық реттеу мен құқық қолдану практикасы» тақырыбындағы Адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форумға қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат алу үшін мына электронды мекен-жайларға хабарласуға болады: a.atagulovakhan@gmail.com және 709-0028@sud.kz (байланысушы тұлға - Атағұлова-Хан Әлия, тел.: +77012123886 WhatsApp, Telegram).

 

Құрметті әріптестер!

12/04/2024

Сіздерді 2024 жылғы 6 қыркүйекте Щучинск қаласында өтетін «Сот төрелігін іске асыру сапасы - қоғамның сот жүйесіне сенімін қалыптастыру негізі» ретінде тақырыбындағы IV Халықаралық судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің форумына қатысуға шақырамыз.

Өткізу орны: Қазақстан, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 30 үй, Бурабай аудандық сотының ғимараты.

Тікелей эфирға шақырамыз!

09/04/2024

Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде 2024 жылдың  18 сәуіде сағат 16.00-де Академия магистратурасына түсу мәселелері бойынша тікелей эфир өтеді. Сіздің сұрақтарыңызға академияның вице-ректоры Қанат Мусин, академиялық бағдарламалар мен жобалар Орталығының директоры Талғат Аймағамбетов, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Руслан Султанов.

Оқуға түсу бойынша толық ақпарат Академияның сайтында орналасқан http://academy.sud.kz

Қабылдау комиссиясының телефондары: 8/7172/710861, 8 771 688 85 17.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап магистратураға оқуға қабылдауды жүргізеді.

02/04/2024

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты немесе өзге де көздер есебінен «7M04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының «7M042 – Құқық» бағыты бойынша магистратураға оқуға қабылдауды жүргізеді. Толық ақпаратпен «Оқуға түсу» бөлімінде таныса аласыз.

Магистратураның мақсаты – сот жүйесіне кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Оқу нысаны – күндізгі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жаттықтырушыларға арналған тренинг

01/04/2024

2024 жылғы 27-29 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлары мен қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар: халықаралық стандарттар және сот ісін жүргізу жөніндегі ұлттық практика» тренингінің аясында біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Бұл іс-шараны БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық өкілдігі (UNODC), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC), сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі (халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің басшысы Ю.

СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

01/04/2024

Академия қабырғасында көктем мерекесі мен табиғаттың жаңаруы – «Наурыз мейрамы» құрметіне қазақ халқының тарихи дәстүрлерін нығайтуға, болашақ судьяларды тәрбиелеуге бағытталған іс – шаралар ұйымдастырылды. Наурызды мерекелеу ұлттық бірегейлікті сақтауға, өскелең ұрпаққа қазақ халқының салт – дәстүрлерін сіңіруге, қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді, бейбітшілік пен достықты нығайтуға, болашақ судьялардың жеке құзыреттерінің деңгейін арттыруға - адал болуға, өз Отанын сүюге, өз елінің игілігі мен сот төрелігіне қызмет етуге бағытталған.

Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

01/04/2024

2024 жылғы 29 наурызда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері 2024 жылы судьялыққа біліктілік емтиханы және 2024 жылы «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратураға түсу емтиханы бағдарламаларын талқылап, бекітуге ұсынды.

Сондай-ақ Академия қызметінің бағыттары бойынша құқықтық базаны қалыптастыру мәселесі қаралды, әрі ағымдағы жылы Академияның магистратурасына қабылдау науқанына дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

27/03/2024

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми - білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

Беттер