Жалпы ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мерзімді басылым – «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы

Құрылтайшы және меншік иесі – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы» - РММ (республикалық мемлекеттік мекеме) 2023 жылдан бастап шығарылады.

Есепке қою туралы куәлік (2023 жылғы «24» ақпандағы № KZ57VPY00065448), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетімен берілген.

Жарияланым тілдері — қазақ, орыс, ағылшын.

Жылына 4 рет шығарылады.

Ғылыми журнал редакциясының саясаты ғылыми, сенімділік, объективтілік, кәсібилік, баспа этикасы мен академиялық адалдық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген.

Журналдың мақсаты - Академияны қазақстандық және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау.

Журналдың негізгі міндеттері:

- заң ғылымының жекелеген бағыттарының қазіргі жай-күйін бейнелейтін бірегей ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін көрсететін мақалалар, шолулар жариялау;

- құқық қолдану, оның ішінде сот қызметі мәселелерін және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау;

- қазақстандық және шетелдік зерттеушілер арасында заң ғылымдарының түрлі мәселелері бойынша пікір алмасу;

- түрлі ғылыми мектептер өкілдерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

- отандық және әлемдік ғылыми қоғамдастықта қазақстандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін насихаттау;

-  жас ғылыми кадрлардың жолын ашу және  алға бастыру;

 - жоғары оқу орындарымен ғылыми коммуникацияларды дамытуға жәрдемдесу;

- басым ғылыми зерттеулерді ақпараттық қолдау, прогрессивті ғылыми идеяларды насихаттау;

- жетекші шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің жұмыстарына өзара іс-қимыл жасау және оларды жарияланымдарға, рецензиялауға тарту;

- жетекші ғалымдар мен тәжірибешілер арасында диалог пен білім алмасу үшін ақпараттық алаң ұсыну.

Журналда заң ғылымының әртүрлі салаларында, соның ішінде сот жүйесі мен сот білімі мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жарияланады.

Журналдың ғылыми басылымдарында дәйексөздің жоғары индексі бар авторлардың географиялық әртүрлілігі қамтамасыз етілген.

Авторлық құқықтың кез-келген бұзылуы заңмен қудаланады.

Журнал материалдарын қайта басып шығаруға редакцияның келісімі бойынша ғана жол беріледі.

Бас редактор – Бурбаев Тулеугали Кайыржанович, Мемлекеттік-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының профессоры

Редакция мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Бейбітшілік 46

Телефон: 8-7172-71-08-53

E-mail: vestnikak2023@gmail.com