Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті
2024 жылғы 26 сәуірде ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, онда 2023-2024 оқу жылының 2 жартыжылдығындағы жазғы емтихан сессиясының және В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінде Академия магистранттарының тағылымдамадан өтуінің қорытындылары шығарылды.
Сондай-ақ Академия қызметінің бағыттары бойынша құқықтық базаны қалыптастыру туралы мәселе қаралды және Академияның қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы ақпарат тыңдалды.