Жаңалықтар

Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

30/01/2024

2024 жылғы 29 қаңтарда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста құрылымдық бөлімшелердің 2023-2024 оқу жылының 1-ші жартыжылдығы бойынша есептері, сондай-ақ Әкімшілік-қаржы қызметінің бюджеттің атқарылуы туралы және Ақпараттық технологиялар қызметінің Академияны ақпараттандыру және цифрландыру жағдайы туралы 2023 күнтізбелік жылдағы есептері тыңдалды.  

Молдова Республикасының Ұлттық әділет институтының өкілдерімен кездесу

30/01/2024

2024 жылғы 30 қаңтарда Сот төрелігі академиясында Академияның ректоры мен профессорлық-оқытушылық құрамы Молдова Республикасының Ұлттық әділет институтының өкілдерімен: Ұлттық әділет институты директорының м.а. Екатерина Поупа және Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, Ұлттық әділет институты директорының кеңесшісі Ольга Марандичимен кездесті.

Кездесу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен өтті.

«Азаматтық процестік құқығының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

26/01/2024

2024 жылғы 26 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау академиясы ұйымдастырған «Азаматтық процестік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында гибридті (online/offline) форматта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Өзбекстан Республикасының Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Баяндама жасау үшін Қазақстан мен Ресей ғалымдары шақырылды.

2023 жылғы 24-26 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында онлайн-курсын өткізу жоспарлануда.

15/01/2024

2023 жылғы 24-26 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында заң консультанттары, жоғары заң білімі бар тұлғалар, адвокаттарға арналған «әкімшілік рәсімдік-процестік және азаматтық заңнама нормаларын қолданудың өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру онлайн-курсын өткізу жоспарлануда. Курстың ұзақтығы - 20 сағат (3 күн, сағат 9:30дан 18:10 дейін). Курстарды өткізуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяласы (Калашникова И.А.), Қостанай қалалық сотының судьясы Төрағасы (Шакаров К.

Сот төрелігі академиясында «ҚР ӘРПК қабылдау аясында әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін қайта қарау» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті

21/12/2023

2023 жылғы 20 желтоқсанда Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын іске асыру шеңберінде «ҚР ӘРПК қабылдау аясында әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін қайта қарау» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Семинарда әкімшілік-деликтік құқық саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымы талқыланды, оның ішінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясында әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін қайта қарауға қатысты ғалымдар мен практиктер пікір алмасты.

16 желтоқсанда Қазақстан халқы басты ұлттық мереке - Тәуелсіздік Күнін атап өтеді.

15/12/2023

Бұл күнді атап өту ел үшін ерекше маңызға ие, өйткені ол Қазақстанның егемендігі мен халықтың бостандығы үшін күрескендерге құрмет болып табылады.

2023 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Академияның барлық ұжымы қатысты. Жиналыс басында академия ректоры З.Х. Баймолдина ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ұжым ұлттық батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Заңгерлердің "Қылмыстық және Қылмыстық-процестік заңнамасын ревизиялау қорытындылары"тақырыбындағы онлайн-диалогы

12/12/2023

2023 жылғы 11 желтоқсанда сот төрелігі Академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығы "Ашық алаң" форматында заңгерлердің "Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын тексеру қорытындылары"тақырыбында онлайн-диалог өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының академиялық қоғамдастығының өкілдері, адвокатура және сот төрелігі академиясының магистранттары қатысты.

Онлайн-диалог аясында баяндамалар жасалды:

«Әкімшілік істер бойынша сот шешімдерін орындау мәселелері» тақырыбында «Ашық алаң» форматындағы заңгерлердің тақырыптық диалогы

08/12/2023

2023 жылғы 7 желтоқсанда Сот төрелігі академиясында «Ашық алаң» форматында «Әкімшілік істер бойынша сот шешімдерін орындау мәселелері» тақырыбына заңгерлердің диалогы өтті. Іс-шараны Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы офлайн/онлайн режимінде ұйымдастырды.

«Ашық алаңды» модераторлар: вице-ректор К.К. Мусин және Орталық директоры Т.С. Нұрышева құттықтау сөздерімен ашты.

Беттер