Жаңалықтар

Заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

27/03/2024

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми - білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

«НАУРЫЗ» БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕРЕКЕСІ

27/03/2024

Наурыз мейрамы - көктем мен табиғаттың жаңаруы мерекесі. Наурыз мыңдаған жылдар бойы көптеген шығыс елдерінде ұлттық мереке ретінде атап өтіледі. Ежелгі уақытта осы жылы мерекеде біздің ата-бабаларымыз ағаштар, гүлдер отырғызатын, үйлерін ретке келтіретін, жетістіктері мен жақсылықтарын өлшеп, болашаққа жоспарларын анықтаған болатын. Егер Наурыз таза үйге кірсе, онда аурулар, сәтсіздіктер, қиыншылықтар оны айналып өтеді деп есептелді. Мейрамның келуімен қазақтар мерекелік киім киіп, бір-біріне қонаққа барады және келер жылға құттықтаулар мен амандық тілейді.

2024 жылғы 26 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы VIIІ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

18/03/2024

2024 жылғы 26 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы «Құқық үстемдігі және әділ сот төрелігі: тәжірибе және заңнаманың өзекті мәселелері» тақырыбында магистранттар мен докторанттардың VIIІ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын (аралас формат (онлайн-офлайн) өткізеді.
Ғылыми конференция жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ олар орындайтын ғылыми жобалардың нәтижелерін сынақтан өткізу мақсатында өткізіледі.

Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Асановтың қонақ дәрісі өтті.

14/03/2024

2024 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Асанов заң шығару саласындағы қарқынды жұмыс кестесіне және көптеген ағымдағы істерге қарамастан, Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесу өткізуге және олар үшін қонақ дәрісін оқуға ізгі ниет білдірді.

Ж. Қ. Асанов Қазақстанның сот және құқық қорғау жүйелерін дамытуға және жетілдіруге елеулі үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі болып табылады.

2024 жылы 4 наурызда Сот төрелігі Академиясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев магистранттарға сот жүйесі мен сот ісін жүргізу нысандарын жетілдіру мәселелері бойынша қонақ дәріс өткізді.

05/03/2024

Магистранттармен кездесу барысында дәріскер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына жолдауын іске асыру барысында соттық-құқықтық реформалардың негізгі бағыттарын баяндады. Атап айтқанда, сот ісін жүргізудің барлық нысандарын жаңғырту бойынша жаңа міндеттер, судьяның жұмысын бағалауды жақсарту, сот процестерін оңтайландыру, процессуалдық мерзімдерді сақтау және т.б. бойынша жаңа іс-шаралар белгіленді. Сонымен қатар, А.А.

Сот төрелігі академиясында доцент, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдиннің ашық сабағы өтті

05/03/2024

2024 жылғы 2 наурызда Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдиннің «Әкімшілік істер бойынша процестік құжаттарды құрастырудың стилі, мән-мәтіні және дағдылары» пәнінен «Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануды процестік құжат ретінде рәсімдеу» тақырыбындағы ашық сабағы өтті.

Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

27/02/2024

2024 жылғы 26 ақпанда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академия магистранттарының 2023-2024 оқу жылының бірінші семестрі бойынша кәсіптік практикадан өту қорытындысы шығарылды және магистранттарды В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетіне тағылымдамаға жіберу туралы ақпарат тыңдалды.

Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері 2024 жылы судьялыққа біліктілік емтиханы пәндерінің және 2024 жылы магистратураға түсу емтиханы пәндерінің тізбесін талқылап, бекітуге ұсынды.

Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашев ҚР Әділет министрлігінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады

22/02/2024

2024 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін іске асыру проблемаларын талқылау мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Сот төрелігі Академиясынан "Құқық қолдану қызметінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін іске асыру мәселелері" тақырыбында баяндамамен Қылмыстық-құқықтық пәндер орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашев сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Сот төрелігі академиясында еліміздің барлық өңірлерінің судьялары үшін "Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты істерді қараудың практикасы" атты тақырыбында кезекті біркүндік онлайн-семинар өтті.

13/02/2024

Семинар 2023 жылғы 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Семинарды Жоғарғы Сот, Сот әкімшілігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты істерді қарауға маманданған судьялар қатысты.

Сот төрелігі академиясында доцент Р.Х. Нурмуханованың ашық сабағы өтті

06/02/2024

2024 жылғы 6 ақпанда доцент Нурмуханова Роза Хайруллиновна  «Қылмыстық істердің жекелеген санаттарын қарау ерекшеліктері» пәнінің аясында «Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау практикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Беттер