Заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми - білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашевтың "Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру" атты оқу құралы жарық көрді.

Оқу құралында қазіргі ғылыми ұстанымдарды, тергеу және сот практикасын ескере отырып: Қазақстан Республикасындағы кінәсіздік презумпциясы қағидатының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы; қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін іске асырудағы кінәсіздік презумпциясы қағидатының түсінігі, мәні мен маңызы; кінәсіздік презумпциясы қағидатының қылмыстық процестің өзге қағидаттарымен арақатынасы; қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру ерекшеліктері қарастырылады.

Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, заң факультеттерінің оқытушыларына, сондай-ақ судьялар мен құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлеріне арналған.

Ғылыми еңбекте Қазақстан Республикасында кінәсіздік презумпциясы қағидатының пайда болу, қалыптасу және даму тарихына; қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін іске асыруда қаралатын қылмыстық іс жүргізу қағидатының түсінігіне, мәні мен маңызынае, қылмыстық процестің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру ерекшеліктеріне байланысты мәселелер зерделенді. Өкінішке орай, жоғарыда аталған түбегейлі маңызды мәселелер қылмыстық сот ісін жүргізудің қазақстандық моделіне қатысты ғылыми қоғамдастық тарапынан тиісті түрде назар қойылған жоқ.

Қазақстандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасына тарихи шолу жасау оқырманға адам мен азаматтың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын ұлттық заңнамаға енгізу, олардың кеңестік, посткеңестік және қазіргі кезеңдердің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қалыптасуы мен дамуы туралы кең түсінік алуға мүмкіндік беретін кінәсіздік презумпциясы қағидатының қалыптасуы мен дамуының екі кезеңін бөлуге мүмкіндік берді.

Оқу процесіндегі олқылықтың орнын толтыру сонымен қатар оқу құралында кінәсіздік презумпциясы қағидатының қылмыстық іс жүргізудің басқа қағидаттармен арақатынасына байланысты мәселені көрсетуге мүмкіндік береді. Оқу құралында кінәсіздік презумпциясы қағидатының жеке ерекшеліктері, оның ішінде қазақстандық қылмыстық сот ісін жүргізудің іргелі бастамаларының жүйе құраушы элементі ретіндегі өзге қағидаттар арқылы іске асырылуы қарастырылған.

Қылмыстық іс жүргізудің сатылары – сотқа дейінгі және сот призмасы арқылы кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асырудың жіктелуі бірдей маңызды теориялық және практикалық мәнге ие, бұл қылмыстық істің қозғалысы кезінде қылмыстық сот ісін жүргізудің іргелі қағидаттарын қолданудың іс жүргізу тәртібіне қатысты ақпаратты ретке келтіруге мүмкіндік береді.