Сот төрелігі академиясында доцент Р.Х. Нурмуханованың ашық сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 6 ақпанда доцент Нурмуханова Роза Хайруллиновна  «Қылмыстық істердің жекелеген санаттарын қарау ерекшеліктері» пәнінің аясында «Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау практикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасына арналған тақырыптың бірінші бөлімі дәстүрлі дәріс форматында өткізілді. Магистранттарға тақырып бойынша әдебиеттерге негізгі дереккөздер мен жекелеген авторлардың қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін зерттеуге қосқан үлестері туралы қысқаша шолу жасалды. Дәріскер адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарының конструкциясының ерекшеліктеріне назар аударды, нақты мысалдармен қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау проблемаларын көрсетті. Тақырыптың барлық сұрақтары салыстырмалы түрде ашылды.

Магистранттардың ерекше қызығушылығы адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату проблемаларын тудырды. Доцент кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық құрылысына қатысты өзінің сыни ойларымен бөлісті.

Ашық сабақты Академияның Сараптамалық комиссиясы жоғары бағалады. Әріптестер доценттің құқық қолдану қызметінің проблемаларын қарапайым және түсінікті тілде түсіндіре білуін ерекше атап өтті.