Сот төрелігі академиясында доцент, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдиннің ашық сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 2 наурызда Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдиннің «Әкімшілік істер бойынша процестік құжаттарды құрастырудың стилі, мән-мәтіні және дағдылары» пәнінен «Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануды процестік құжат ретінде рәсімдеу» тақырыбындағы ашық сабағы өтті.

Сабақ интерактивті форматта жүргізілді. Сабақ барысында дәріскер аудиторияның назарын әкімшілік істер бойынша процестік құжаттардың мәтіндерін құрастыру кезінде грамматикалық конструкциялардың нақтылығы, дәлдігі мен айқындылығының маңызына аударды. Сонымен қатар магистранттарға соттың шешімін орындамағаны үшін жауапкерден ақшалай өндіріп алуды қолданатын процестік құжатты рәсімдеу тапсырмасы берілді. Тақтаға магистрант А. Насиров шығып, берілген тапсырма бойынша сот актісінің сипаттау және қарар бөліктерін жазды.

Магистранттар әкімшілік істер бойынша процестік құжатты заң техникасы тұрғысынан талдауға белсенді қатысты, сот актілерін жасау шеберлігі мен дағдыларын шыңдады.

Ашық сабақты Академияның Сараптамалық комиссиясы жоғары бағалады.