Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашев ҚР Әділет министрлігінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін іске асыру проблемаларын талқылау мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Сот төрелігі Академиясынан "Құқық қолдану қызметінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін іске асыру мәселелері" тақырыбында баяндамамен Қылмыстық-құқықтық пәндер орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы Руслан Мұратханұлы Әбдірашев сөз сөйледі. Ол қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында қылмыстық процестің жаңа қағидаттарын енгізу қажеттігін атап өтті.

Бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудегі тергеуші мен анықтаушының іс жүргізу мәртебесін күшейтуге, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді. Р. М. Әбдірашевтің пікірінше, заңнамалық қызметтің негізгі кемшілігі қылмыстық процестің іргелі принциптерін өзгертпеу арқылы жаңа нормалар мен институттарды енгізу болып табылады. Өз кезегінде, бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көптеген қайшылықтарды тудырады және қылмыстық процестің субъектілері арасындағы мүдделер қақтығысына алып келеді.

Құқық қорғау органдары мен соттың жұмысын жақсарту үшін ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар әзірленіп, олар Қылмыстық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының профессор-оқытушылық құрамымен алдын ала талқыланып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі жұмыс тобының отырысында баяндалды.