Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында болашақ судьялардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда маңызды болып табылатын бинарлық сабақ өткізу әдісі қолданылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 14 ақпан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының 2 курс магистранттарына «Конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының доцент Т.С. Нұрышеваның ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Ә.Б. Қасенованың қатысуымен «Сот төрелігінің конституциялық негіздері» атты курс бойынша бинарлық сабақ өткізілді.

Бинарлық сабақтың ерекшелігі сәйкестелген тақырып аясында ғалым-теоретик және тәжірибемен тікелей айналысатын тұлғалардың дәріс жүргізу әдісін қолдануымен байланысты.

Бинарлық сабақ барысында Қазақстан Республикасының сот корпусын қалыптастыру, судьялардың конституциялық мәртебесі, оның ішінде кепілдіктері мен жауапкершіліктерін қамтитын қазіргі таңдағы өзекті болып табылатын мәселелерге мән берілді. ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы жобадағы сот жүйесіне қатысты сұрақтар көтерілді және «Ұлт Жоспары: 100 нақты қадамның» ішіндегі заң үстемдігін қамтитын 11 қадамға жан-жақты талдау жасалды. Магистранттардың тарапынан қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша пікір-талас туындады.

Бинарлық сабақ жүргізу әдісі болашақ судьялардың кәсіби дағдыларын қалыптастырудағы тиімді әдістердің бірі болып табылады.