Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 26 ақпанда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Академия магистранттарының 2023-2024 оқу жылының бірінші семестрі бойынша кәсіптік практикадан өту қорытындысы шығарылды және магистранттарды В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетіне тағылымдамаға жіберу туралы ақпарат тыңдалды.

Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері 2024 жылы судьялыққа біліктілік емтиханы пәндерінің және 2024 жылы магистратураға түсу емтиханы пәндерінің тізбесін талқылап, бекітуге ұсынды.

Сондай-ақ, Академия қызметінің бағыттары бойынша құқықтық базаны қалыптастыру және Академияның веб-сайтын әзірлеу бойынша қызметтер сатып алуды өткізу мәселелері қаралды, әрі ағымдағы жылы Академияның магистратурасына қабылдау науқанына дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Қылмыстық-құқықтық пәндердің ҒББО профессоры, з.ғ.к. А.А. Биебаева күн тәртібінің алтыншы мәселесі шеңберінде з.ғ.д., профессор Р.М. Абдрашевтің «Реализация принципа презумпции невиновности в досудебных и судебных стадиях уголовного процесса» тақырыбындағы оқу құралын басып шығаруға ұсыным беру туралы ұсыныс жасады. Оқу құралына ФГАОУ ВО «Сибирский федеральный университет» Заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Л.П. Климович пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, з.ғ.к. М.Ж. Омарбекованың оң пікірлері алынды.