Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Сот төрелігі академиясында еліміздің барлық өңірлерінің судьялары үшін "Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты істерді қараудың практикасы" атты тақырыбында кезекті біркүндік онлайн-семинар өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар 2023 жылғы 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Семинарды Жоғарғы Сот, Сот әкімшілігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты істерді қарауға маманданған судьялар қатысты.

Семинар бағдарламасы аталған санаттағы істерді қарау практикасына қатысты өзекті мәселелерді қамтыды. Семинар барысында монополияға қарсы заңнаманы қолданудағы сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар бойынша істерді тергеу жүргізу рәсімдері; тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау жүргізу әдістемесін қолдану (нарықты, нарық субъектілерін және олардың монополияға қарсы істердегі үстемдік үлесін анықтау үшін); монополияға қарсы реттеу саласында заңнаманың жекелеген сұрақтарын талдау; Еуразиялық экономикалық одақтағы монополияға қарсы реттеу: ұлттық құқықтық қолданумен арақатынас сұрақтары және ресей соттарының монополияға қарсы істер бойынша экономистердің экономикалық дәлелдемелері мен қорытындыларын бағалау тәсілдері (картельдер, өзге де бәсекелестікке қарсы келісімдер, монополиялық бағалар, үстем жағдайды теріс пайдаланудың өзге де нысандары).

              Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі Сот алқасының төрағасы, з.ғ.к. Тукиев Аслан Сұлтанұлы семинарды аша отырып, өз баяндамасында еркін нарықты дамыту және бәсекелестікті құқықтық қорғау тетіктерін күшейту қажеттілігі жағдайында семинардың ерекше маңыздылығын атап өтті.

           Семинарда баяндамалармен: Еуразиялық экономикалық Сотының отставкадағы судьясы, з.ғ.к. В.Х. Сейтімова.; Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Н.Н. Ұранхаев.; "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" президенті, "Монополияға қарсы сарапшылардың Еуразиялық альянсы" Кеңесінің төрағасы, э.ғ.к. А.Т. Айтжанов.; "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" құқықтық департамент директоры П.П: Баданин.; Ресей Федерациясы СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының экономикалық және монополияға қарсы реттеу кафедрасының доценті, з.ғ.к., Е.С. Хохлов сөз сөйледі.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты мәселелер бойынша баяндамашылардың сөз сөйлеуі мазмұнды, өзекті және өз қызметінде бәсекелестік құқық нормаларын қолданатын судьялар үшін сөзсіз қызығушылық тудырды.

Семинар жоғары деңгейде өтті және пікірталастар мен пікір алмасуға қатысқан қатысушылардың қызығушылығын тудырды.