2024 жылы 4 наурызда Сот төрелігі Академиясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев магистранттарға сот жүйесі мен сот ісін жүргізу нысандарын жетілдіру мәселелері бойынша қонақ дәріс өткізді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Магистранттармен кездесу барысында дәріскер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына жолдауын іске асыру барысында соттық-құқықтық реформалардың негізгі бағыттарын баяндады. Атап айтқанда, сот ісін жүргізудің барлық нысандарын жаңғырту бойынша жаңа міндеттер, судьяның жұмысын бағалауды жақсарту, сот процестерін оңтайландыру, процессуалдық мерзімдерді сақтау және т.б. бойынша жаңа іс-шаралар белгіленді. Сонымен қатар, А.А. Мерғалиев кассациялық сатыдағы үш дербес соттың – қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік істер бойынша құрылуына байланысты негізгі міндеттерді атап өтті.

Дәріс барысында А.А. Мерғалиев аудиторияның назарын роботтандыруды, сот жүйесінде жасанды интеллектті енгізуді және сот практикасының цифрлық талдауын қамтитын сот ісін жүргізуде электрондық сервистерді қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеудің маңыздылығына аударды. Сонымен қатар қазақстандық соттарда IT-технологияларды қолдану мәселелерін атап өтті.

Дәріс презентациялық слайдтар мен сұхбаттасуды пайдалана отырып, интерактивті форматта өтті.

Дәріс қорытындысы бойынша Сот төрелігі Академиясының магистранттары Қазақстандағы соттық-құқықтық реформаның бірқатар өзекті бағыттары бойынша сұрақтар қойды.

Қонақ дәрісі аяқталғаннан кейін Академия ректоры З.Х. Баймолдина мен магистранттар Асламбек Амангелдіұлына мазмұнды, пайдалы және қызықты ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Академия ректоры Жоғарғы Сот Төрағасы А.А. Мерғалиев пен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Н.Р. Ахметзакировты оқу аудиторияларымен, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот отырысы залдарымен, Академияның кітапханасымен және спорт залымен таныстырды.