Сот төрелігі академиясы

Сот төрелігі академиясының ректоры Т.Қаудыров Павлодар облыстық сотында болды

04/08/2017

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов іс-шараны аша келе, жоғары білікті судьялар корпусының өкілдері жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерге және терең теориялық білімге ие болуы қажеттігін атап өтті. «Бүгінгі күні Сот төрелігі академиясы судьялар мен сот қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз мамандандырылған ЖОО болып табылады», - деді ол.

Сот төрелігі академиясының өкілдері Жоғарғы Сотта өткен алаяқтыққа қатысты қылмыстық істер бойынша мәселелерді қарау туралы конференцияға қатысты

19/05/2017

Бүгін еліміздің жоғарғы сот органында «Алаяқтық жөнінде қылмыстық істі қарау кезіндегі түйіткілді мәселелер» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Іс-шараны Жоғарғы Сот Герман Халықаралық құқықтық  ынтымақтастық қорының (IRZ) бірлесіп ұйымдастырды. 

Сот төрелігі академиясының өкілдері Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға қатысты

18/05/2017

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Сот төрелігі академиясы судьялар мен магистранттар үшін тренинг өткізді

19/04/2017

Сот төрелігі академиясының Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің ұсынымына сәйкес сот білімі бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары – аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ, магистранттар үшін тренинг өткізді.