Сот төрелігі академиясының ректоры Т.Қаудыров Павлодар облыстық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов іс-шараны аша келе, жоғары білікті судьялар корпусының өкілдері жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерге және терең теориялық білімге ие болуы қажеттігін атап өтті. «Бүгінгі күні Сот төрелігі академиясы судьялар мен сот қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз мамандандырылған ЖОО болып табылады», - деді ол.

Облыстық соттың төрағасы облыстық сот жанындағы оқу орталығының оқыту іс-шаралары арасында тұрақты негізде «case-study» тәсілі бойынша өткізілетін семинарлық сабақтарды атап өтті, оқу барысында оның тыңдармандары түрлі құқықтық жағдайларды шешіп, біліктіліктерін арттырады. Құқық қолдану мен дәлелді сот актілерін құру бойынша практикалық дағдыларды дамыту мақсатында жас судьяларға тәжірибелі тәлімгер-судьялар сабақ береді.

Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров Ұлт Жоспарының 18-қадамын жүзеге асыру шеңберінде құрылған Сот төрелігі академиясының қызметі туралы айтып берді. Оқу орынның  міндеті жаңа формациядағы судьяларды даярлау дей келе, ол:. «Биылдан бастап талапкерлер оқуға түсу емтиханын жазбаша және жасырын түрде тапсыратын болады. Комиссия мүшелері жұмыстарды тексеру барысында олардың авторын білмейтін болады. ЖОО-ға түскендердің тегі тек емтихан өткеннен кейін қабылдау бұйрығымен бірге жарияланатын болады»,- деп түсіндірді ол.

Кездесу қызу пікірталас түрінде жалғасты, оның барысында кездесудің қатысушылары Академия ректорына өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алды.  

Кездесу соңында Т.Қаудыров жас судьяларға өздерінің кәсіби деңгейін үнемі арттыруға ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы