2024 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы VIIІ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы «Құқық үстемдігі және әділ сот төрелігі: тәжірибе және заңнаманың өзекті мәселелері» тақырыбында магистранттар мен докторанттардың VIIІ жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын (аралас формат (онлайн-офлайн) өткізеді.
Ғылыми конференция жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ олар орындайтын ғылыми жобалардың нәтижелерін сынақтан өткізу мақсатында өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша пленарлық отырыс пен панельдік сессияларды көздейді:
Сессия 1. Мемлекеттік-құқықтық бағыт
Сессия 2. Азаматтық-құқықтық бағыт
Сессия 3. Қылмыстық-құқықтық және әкімшілік-деликтік бағыты

Конференцияға қатысу шарттары мен тәртібі:
Конференцияға қатысу үшін 2024 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде қатысуға өтінімді электрондық түрде ұсыну, сондай-ақ сессия тақырыбына сәйкес келесі электрондық мекенжайларға ғылыми мақаланы (ғылыми жетекшімен келісілген) қоса беру қажет:
Сессия 1. Мемлекеттік-құқықтық бағыт – gulmira.sun@mail.ru
Сессия 2. Азаматтық-құқықтық бағыт – sud.academia@mail.ru
Сессия 3. Қылмыстық-құқықтық және әкімшілік-деликтік бағыты – biba_Femida@mail.ru
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу нысаны: аралас формат (онлайн-офлайн).