Орталықтың міндеттері мен функциялары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Орталықтың міндеттері мен функциялары

 

Мемлекеттік-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру Орталығы (бұдан әрі - Орталық) «7М042-Құқық» бағыты бойынша «7М04201 - Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы аясында кадрларды дайындауды, сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысына басшылық ететін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі - Академия) оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.   

Орталық Академияның құрылымын қайта құру нәтижесінде конституциялық және әкімшілік құқық,  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедралары, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық сот төрелігі мәселелерін зерттеу ғылыми орталығының негізінде пайда болған.  

 

Орталықтың міндеттері мен функциялары

 

Орталық келесідей негізгі міндеттерді іске асырады:

- терең кәсіби білімдері, тәжірибелік дағдылары бар жоғары мәдениетті білікті мамандарды дайындау;

- конституциялық және әкімшілік заңнамасын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша ғылыми зерттеулер, сарапшылық-талдаушылық жұмыстар жүргізу мен ұйымдастыру; 

- мемлекеттік-құқықтық циклдегі оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми бағыт бойынша сот, мемлекеттік және мемлекеттік емес (қазақстандық және халықаралық) ұйымдармен өзара іс қимылды қамтамасыз ету.

 

Орталық қойылған міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды іске асырады:

  1. орталықтың пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
  2. жалпы және арнайы курстар бойынша сот жүйесінің нақты қажеттіліктеріне бейімделген оқу жұмыс жоспарын, оқу бағдарламасын, элективті пәндер каталогын әзірлеу;
  3. лекциялар, тәжірибелік, семинарлық сабақтарды жоғары ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейде өткізу;
  4. магистранттармен бірге жеке оқу траекторияларын қалыптастыру, элективті пәндерді презентациялау;
  5. ағымдағы және қорытынды емтихандарды, магистрлік жобаларды қорғауды өткізу;
  6. оқу процесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу мен әзірлеу және Орталықтың профилдік пәндері бойынша ақпараттық техникалық құралдарды оқу сабақтарын өткізу кезінде пайдалану бойынша іс шаралар өткізу;
  7. магистранттардың тәжірибесіне, магистрлік жобаларына, сондай-ақ өздік жұмысына басшылық ету;
  8. Орталықтың профилі бойынша магистранттардың үлгеріміне және мамандар дайындау сапасына үнемі талдау жасау;
  9. Орталықтың профессор-оқытушы құрамының жеке жұмыс жоспарларын қарастыру;
  10. Академия басшылығының тапсырмалары бойынша басқа орталықтардың іске асыратын оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындау;
  11. жоғары білімнен кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік базаны, Орталықтың лекциялық қорын қалыптастыру;
  12. Орталықтың профессор-оқытушы құрамының мәлеметтер банкісін қалыптастыру;
  13. оқулықтар, оқу, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, сондай-ақ оқулықтар, оқу құралдары мен өзге де оқу-әдістемелік әдебиеттерге қорытындылар құрастыру;
  14. үздік оқытушылардың жұмыс тәжірибесін зерттеу, жалпылау мен тарату;
  15. Академиялық бағдарламалар мен жобалар Орталығының ұйымдастыратын қосымша білім беру қызметіне қатысу;
  16. белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлері, ғалым, тәжірибе қызметкерлерімен кездесулер, қонақтық лекциялар ұйымдастыру;
  17. сот тәжірибесін жетілдіру сұрақтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының (бұдан әрі - ҒЗЖ) тақырыптарын қалыптастыру, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен нәтижелерін анықтау;
  18. ғылыми және инновациялық процестерді интеграциялау, ғылыми қызметтің нәтижелерін сот жүйесіне кадрлар дайындауда, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда пайдалану, білім алушыларды Орталықтың ғылыми жұмысына тарту;
  19. магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық ету;
  20. ғылыми өнімдер бойынша қорытындылар мен рецензиялар әзірлеу, сондай-ақ аяқталған ғылыми еңбектерді баспаға шығару үшін ұсыныстар дайындау;
  21. ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстердерге қатысу мен ұйымдастыру;
  22. конституциялық және әкімшілік заңнамасын қолдану саласында, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша ғылыми-тәжірибелік мәселелерді анықтау, талдау мен жүйелеу;
  23. конституциялық және әкімшілік заңнамасын соттармен қолдану саласындағы, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша жетекші шетел тәжірибесінің ғылыми зерттеулерін жалпылау мен талдау;
  24. конституциялық және әкімшілік заңнамасын соттармен қолдану саласындағы, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша ғылыми бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыру бойынша отандық және шетел ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнату;
  25. ғылыми нәтижелерді (мақалалар, монография, оқу құралы және т.б.) басып шығару жолымен конституциялық және әкімшілік заңнамасын соттармен қолдану саласындағы, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша Академияның ҒЗЖ ұйымдастыру мен жоспарлау;
  26. ҒЗЖ нәтижелерін жалпылау, Академиядағы ҒЗЖ жүру барысын мезгіл-мезгілмен талқылау;
  27. конституциялық және әкімшілік заңнамасын соттармен қолдану саласындағы, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша зерттеуде ҒЗЖ орындаушылары мен тапсырыс берушілеріне ақпараттық және консультативтік қызмет көрсету;
  28. Орталықтың профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру, кәсіби құзыреттілікті дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру (тағылымдамалар, семинарлар, тренингтер мен өзге де шараларға қатысу).