Судьялыққа үміткер-тағылымдамашылар мен Сот төрелігі академиясының магистранттары қойылымдық сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотында судьялыққа үміткер-тағылымдамашылар мен Сот төрелігі академиясының магистранттары қойылымдық сот отырысын өткізді.

Іс-шараға аталған соттың төрағасы А.Жүкенов пен сот судьялары қатысты.

Академия магистранттары қойылымдық сот отырысын күрделі санаттағы істерге жататын мемлекеттік органның іс-әрекетін даулау туралы азаматтық іс бойынша өткізді.

Тәлімгерлер жаңа  азаматтық-процестік заңнаманың нормаларына сәйкес азаматтық сот өндірісін тәжірибелі жүргізудің  пайдалы  кеңестерінен құлағдар болды.

Сот төрағасы сот отырысын жүргізу тәртібіне жоғары баға беріп, болшақтағы әріптестеріне біліктіліктері мен ойлау қабілеттерін, сөз сөйлеу шеберліктерін үнемі дамытып отыру қажеттігін ескертті.

Қайнар: 
астана қалалық соты,