Сот төрелігі академиясында Еуропа Кеңесінің делегациясы болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 24 мамырында құрамында  Еуропа Кеңесінің Қазақстандағы консультанты Тугел Адиля, Еуропа Кеңесінің (Испания) сарапшылары Ана Мариа Карраскоза Мигель және Хелена Солето Муноз бар Еуропа Кеңесінің делегациясы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) болды.

Қонақтармен кездесу барысында Сот төрелігі академиясының ректоры Мұрат Бейбітов білім беру мен сот практикасының өзара байланысын күшейту үшін Сот төрелігі институты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құрылымынан бөлініп шыққанын және 2016 жылдың 18 ақпанында Президент Жарлығымен ерекше мәртебесі бар, магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау және ғылыми зерттеу секілді 3 бағыт бойынша қызметін жүзеге асыратын Сот төрелігі академиясы болып қайта құрылғандығын атап өтті. Ректор Сот төрелігі академиясы сот төрелігі мен сот жүйесі дамуының мәселелерін зерттеу аясында көптеген халықаралық ұйымдар мен білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті. Мәселен, өткен жылы Сот төрелігі академиясы Беларусь Мемлекеттік университеті, Түркия Әділет академиясы, Сингапур Сот колледжі, Финляндияның Скандинав академиялық ұтқырлық институтымен, ал ағымдағы жылы Қытай Халық Республикасының Ұлттық судьялар колледжімен және Корея Республикасының Сот зерттеулері және оқыту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, Судьяларды және сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру орталығының басшысы Дания Кисикова Орталықтың қызметімен, соның ішінде,  сот жүйесіне кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарымен таныстырып өтті. Ал, Жоғары оқу орнынан кейінгі институт директоры Гүлназ Ганиева Сот төрелігі академиясы магистранттарының білім алуы, соның ішінде, магистратурада білім беру ұзақтығы, магистранттар контингенті және магистратураға түсу кезінде қойылатын талаптар туралы жалпы ақпарат берді

Кездесу барысында қонақтар Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің «Қазақстанның сот жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету» атты ортақ бағдарламасының жұмыс жоспары шеңберінде Еуропа Кеңесі судьялар, прокурорлар мен медиаторлар үшін қалпына келтіру сот төрелігі бойынша оқу курсын әзірлегенін хабарлады. Еуропалық Кеңес сарапшыларынан құрылған делегацияның басты  мақсаты - ұлттық серіктестердің қажеттіліктерін бағалау үшін курстың бағдарламасы мен әдістемесін анықтау. Тараптар Қазақстан мен Испанияның медиация туралы заңнамасы мәселелері мен оның қолдану практикасын талқылады. Қонақтар екі елдің заңнамасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтардың бар екенін айта кетті.

Тараптар медиация бойынша тренингтерді ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларын өткізу туралы келісімге келді, сонымен қатар, әрі қарай келіссөздер жүргізуге уағдаласты.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы