Пресс - релиз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шет елдегі тағлымдаман өту кезінде Академия магистранттары туралы 2020 жылдың 13 қаңтарында YouTube желісінің «БАСЕ» каналында жарияланған бейне материалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды.

Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешуге, тексеру қорытындысы бойынша жасалған Комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі.

Оқу жұмысы мен шет елдегі тағлымдаманы ұйымдастыруға жауапты бір қатар қызметтік тұлғалар қазіргі кезде Академияда жұмыс істемейді. Мәселен:

  • ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Раззак Н.Р., 2019 жылдың 9 қазанына дейін Академия Ректоры міндетін атқарушы;
  • 2019 жылдың 3 желтоқсанынан халықаралық ынтымастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер Абикеева А.К.;
  • 2019 жылдың 12 желтоқсанынан Жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Толеп Л.Е.

2019 жылы қазанда Баймолдина З.Х. Ректор болып тағайындалды.

Мәлімет үшін келесіні хабарлау маңызды.

Бірінші. Бейнематериалдағы тұлғалар Академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері болып табылады.

Екінші. Академияның дипломы мен оқуы магистранттардың судьялық лауазымына автоматты түрде тағайындалуын қамтамасыз етпейді. Олар басқа да кандидаттар секілді заңмен көрсетілген Жоғарғы Сот Кеңесімен өткізілетін барлық конкурстық процедураларды өтеді.

Үшінші. Егер бұрын конкурсты кандидаттардың әрбір төртінші сәтті өтіп судья ретінде тағайындалған болса, 2019 жылдан бастап қатаң таңдау тәртібін енгізгеннен кейін конкурсты үміткерлердің әрбір жиырмасыншы сәтті өтеді.

Жақын арада тексеріс нәтижесі және академия ректорымен қабылданған шешім туралы қоғамға мәлімдеме жасалынады.

 

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы

Сот төрелігі академиясы