Қазақстан Руспубликасы Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі Академиясында Америка халықаралық істері бойынша Кеңес өкілдерімен, сонымен қатар Харрисбург қаласы әкімдігімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 5 қазанында сот төрелігі Академиясында Харрисбург қаласы бойынша Бүкіләлемдік кеңес президенті Дж. Дэвиспен, Тэмпл Харрисбург Университетінің директоры Л.Мартинмен, Keller басылымының атқарушы редакторы Р.Гудманмен, Харрисбург Академиясы ғаламдық және жергілікті азаматтық Орталығы директоры Л.Боуманмен және Пенсильвания губернаторы мектебінің директоры К.Уайтпен кездесу өтті.

Сұхбат барысында Академия басшылығы Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, соттардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру, қайта даярлау, сонымен қатар, ғылыми қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ерекше дәрежесі туралы қонақтарды ақпараттандырды. Соған қоса, Академия болашақ судьялардың тәжірибелік дайындығына ерекше назар аударады. Оқуды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьялары және отставкадағы судьялар, сондай-ақ  атақты ғалымдар, ғылым докторлары жүргізеді. Академияның вице-ректоры Раззак Н. Жоғарғы Соттың жанындағы халықаралық кеңеспен сот білімі бағдарламасының ұсынысы жетілдірілгендігін айтып өтті.  Қазіргі таңда сот төрелігі Академиясы аталған ұсынысты ескеріп, білім беру бағдарламасын жетілдіру жұмысын атқаруда, сонымен қатар, Академияда тренингтер, семинарлар және шетелдік мамандардың қатысуымен дөңгелек үстелдер  жиі өткізіледі.

Өз кезегінде, Дэвис ханым бұл сапардың мақсаты болып сот төрелігі Академиясымен танысу және АҚШ-тағы өзінің әріптестерімен алған әсерлерін бөлісу екендігін атап өтті. Американың халықаралық істері жөніндегі Кеңесімен студенттер үшін тренингтер, конференциялар және тағылымдамалар мен конференциялар өткізіледі, сонымен қатар, басқа елдерге білім беру сапары ұйымдастырылады.     Пенсильвания штатының өзге де ұйымдары өкілдері, кездесуге қатысушылар білім мәселесі жөнінде Қазақстанмен серіктестігі келешегіне риза екендерін жасырмады. Мартин мырза Тэмпл Университетінде ағылшын құқығына мамандандырылған және  соңғы 5 жылда судьялар біліктілігін арттыру және оқыту бойынша Қытай Халық Республикасымен белсенді қызмет ететін Құқық Мектебі жұмыс істейтінін баяндады.

Қорытындылай келе, қонақтар жылы шыраймен қабылдағандарына алғыс білдірді, алғыс хат, Харрисбургке шақырту және  Америка туралы естелікке кәдесыйлар табыстады,

 

Қайнар: Сот төрелігі Академиясы