Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаевтың қосалқы авторлықта кезекті еңбегі жарыққа шыққты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы: Әдістемелік құрал баспаға Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптшылық кеңесінің шешімімен ұсынылған.

Әдістемелік құрал екі бөлімнен тұрады. Оның  бірінші бөлімінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасуы, саяси-философиялық негіздері мен тарихи  сабақтастығы, тәуелсіз Қазақстанда осы идеяны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жария ету мәселелері қамтылған. Құралдың екінші бөлімінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәдени-философиялық, рухани, ментальдық астарлары мен оның негізгі құндылықтарын танып-білудің басты бағыттарына әдістемелік нұсқаулар берілген.

Әдістемелік құрал қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерге, этномәдени бірлестік өкілдеріне, жоғарғы, арнайы орта және орта білім мекемелерінің тәрбиеленушілері мен оқытушыларына, сондай-ақ аталған мәселеге қызығушылық танытқан басқа да орта өкілдеріне арналған.