Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы «Оқытушыларға арналған тренинг» курстарынан өтуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 06-16 наурызы аралығында Астана қаласында Еуропа Одағының қолдауымен «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы аясында Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы білім беру тренингінен өтіп жатыр.

Курс оқытушылардың білім беру іскерліктерін, интерактивті форматта жұмыс істеуге тыңдаушыларды тарту бойынша кәсіби дағдылар кешенін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

Курс қатысушыларға талдау және өз әдістерін ойлап табуға және өзі үшін белсенді оқытудың жаңа жетістіктерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процеске қатысу арқылы құрылымдық көзқарас пен қызметін бағалауды пайдалана отырып, қатысушыларға тиімді оқу сабақтарын жоспарлау, дайындау және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Жаттықтырушылар ретінде Еуропалық Одақтың Пол Мейн Стивен МакКракен халықаралық сарапшылары болып табылады.

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы