Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының оқытушылары Еуропалық Одақтың "Қазақстанның Өңірлік дамуы" жобасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 01 ақпаны Астана қаласында Еуропалық Одақтың "Қазақстанның Өңірлік дамуы" жобасының ресми жабылуы өтті. Шараға 150-ден астам Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының және Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Осы іс-шарада дамыту және басқару салаларында негізгі стратегиясын іске асыруды жәрдемдесетін инновациялық тәсілдерді аймақтар тиімді қолданылғаны талқыланды.

Төрт жыл бойы жобаны орталық және өңірлік деңгейлерде іске асыру жүргізілді. Жобаның сарапшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне, сондай-ақ өзге де мүдделі тараптарға Қазақстан Республикасының саясатына сәйкес өңірлерді дамытуда тәсілдерді әзірлеуде техникалық және кеңестік көмек көрсетті.

Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы "Өңірлік және жергілікті дамуымен басқару" оқу бағдарламасын әзірлеуіне қатысқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының оқытушылары Е.О. Егембердиев және Ш.А. Саймова "Қазақстанның әкімшілік, құқықтық және бюджеттік реформасы" интеграцияланған кросс-модульдік оқыту бағдарламасы бойынша "Экологиялық кәсіпкерлік" және "Еңбек нарығын талдау, жұмыспен қамту: құқықтық реттеу" оқу курстарын  әзірледі. Оқу курстары негізінде бизнес, туризм, инновация, ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатында өңірлердін өкілдері үшін оқыту тренингтерін өткізу жоспарлануда.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы