Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының делегациясы болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы)  құрамында халықаралық сарапшылар Том Паттерсон және Бунафша Гулакова бар «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының (бұдан әрі – ЕО жобасы) делегациясы болды.

Гулакова ханым Қазақстанға сапармен келу мақсаты жобаның аралық нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру болып табылатыны, және осы сапар жоба қандай кезеңде жүзеге асырылып жатқандығын бағалауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті. Бағалау әдістемесі алған қойылған міндеттердің өзектілігі, қазіргі таңда жобаны жүзеге асырудың тиімділігі мен жоба аяқталғаннан кейін нәтижелердің тұрақтылығы сияқты өлшемдерден тұрады. Сондай-ақ, Гулакова ханым судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына , соның ішінде  Сот төрелігі академиясының ЕО жобасы сарапшылары өткізетін курстар мен әзірленген модульдерді оқу жоспарына кіргізуге қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Кездесу соңында, Паттерсон мырза 2017 жылдың наурыз айында ЕО жобасы сарапшылары өткізетін 4 күндік курстарға даярлық жоспар бойынша жүргізіліп жатқандығына сендіріп, жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.  

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы