Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Унзила Шапактың қонақ дәрісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Унзила Шапак «Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі конституциялық бақылау мәселелері» тақырыбында 1 курс магистранттарымен қонақ дәрісін өткізді.

Лектор Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мемлекеттің барлық аумағында Конституцияның жоғарылығын қамтамасыз етудегі рөліне баса назар аударды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-ші бабына сәйкес, соттардың қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқанда, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуі тетігіне ерекше мән берді.

Унзила Шапак Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жобаға, оның ішінде 44-ші баптың 10-1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңеске жүгіну тәртібіне, сонымен қатар дәріс тақырыбы бойынша магистранттар тарапынан қызығушылық білдірілген өзге де сұрақтарға жан-жақты әрі мазмұнды жауабын берді.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы