Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары» атты тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары» атты тренинг өтті.

Семинардың ұйымдастырушысы ретінде «Орталық Азияда адам құқықтарын қорғауды зерттеудің халықаралық институты» Қоғамдық қоры болды.

Тренингтің мақсаты ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары туралы хабардарлықты арттыру болды. Тренер ретінде ақпаратқа қолжетімділік бойынша халықаралық сарапшы Бойко Боев (Лондоннан) сөз сөйледі.

Тренингте ақпаратқа қолжетімділікке соның ішінде соттарда, халықаралық тәжірибеден мысалдар келтіріліп, азаматтардың құқығын қорғаудың негізгі аспектілері, туралы айтылды.  

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. 

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы