Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына БҰҰДБ делегациясы келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 10 тамызында, құрамында Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, тиімді басқару департаментінің директоры Константин Сокольский және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының оқыту және инфрақұрылым қажеттіліктерін бағалау» жобасының ұлттық үйлестірушісі Эльдар Идиятов бар БҰҰДБ делегациясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына келді (бұдан әрі - Сот төрелігі академиясы).

Қонақтармен кездесу барысында Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров Сот төрелігі академиясы үш бағыт: магистратура бағдарламасы бойынша жоғары білім беру, Қазақстан Республикасының судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мен ғылыми-зерттеу бойынша жұмыс істейтінін хабарлады. Сондай-ақ, Ректор БҰҰДБ-мен ынтымақтасуға өте қуанышты екендігін және Сот төрелігі академиясының қызметін зерттеу үшін қажетті кез келген ақпаратты беруге дайын екендігін айта кетті.

Кездесу барысында, Алтангерел ханым Сот төрелігі академиясымен ынтымақтастықтың маңыздылығын білдірді және жоба Дүниежүзілік банктың қарызы және үкіметтің бірлесіп қаржыландыруы шеңберінде жүзеге асырылатынын және басым бағыт сот төрелігің ашықтығын арттыру болып табылатынын атап өтті. Бұл кездесудің мақсаты қорытынды есеп мерзімін келісу және бұрын жіберілген аралық есеп бойынша кері байланыс алу болды.

 Тараптар одан әрі жұмыс істеу үшін байланыс мәліметтерімен алмасты.

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Сот төрелігі академиясы