Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі Академиясында «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысуымен шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Сот төрелігі Академиясында «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа филиалының бірінші төрағасы Б.А.Алимгазина, партияның саяси кеңес бюросының мүшесі О.Е.Тодераш, партияның бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшесі А.К.Рахимжанова жұмысшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу қатысушыларының назарына Б.А.Алимгазина  бастапқы  партиялық ұйым құрудың қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталып өтті. Партиялық ұйым қызметтік және әлеуметтік сұрақтарға байланысты көптеген мәселелерді шешуде ықпал етеді. «Нұр Отан» партиясының рөлі мен көмегі оқыту және тәрбиелеу ісінде өзінің оң нәтижелерін көрсетеді және ол біздің мемлекетіміздің дамуына септігін тигізетін жан-жақты қатынастарға бағытталған. Академияда бастапқы партиялық ұйым құру сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрлар дайындауда оң әсерін қалдыруы мүмкін. Сонымен қатар, Б.А.Алимгазина партияның даму қызметінде мемлекет басқармасы жағынан үлкен қолдауды айтып өтті.

Одан әрі Б.А.Алимзагина «Нұр Отан» партиясы Астана филиалының  атынан ұстаздар  күнінің құрметіне профессорлық-оқытушылық құрам мен басқару аппаратының жұмысшыларына алғыс хат табыстады.

Кездесу өткен соң, Академияда жұмыс жасайтын «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен жиналыс өтті. Күн тәртібінде: бастапқы партия ұйымын құру, партия мүшесіне жеке лауазымды тұлғаларды алу, бастапқы ұйымның төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын сайлау туралы мәселелер қарастырылды.

Жиналыс партия мүшелерінің белсенді қатысуымен, қарастырылған мәселелерге құрылымдық және негізгі тәсілде өтті.

 

Қайнар: Сот төрелігі Академиясы