Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) делегациясы болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында года Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) делегациясы, құрамында  тақырыптық жоспарлау мен әдіснама бойынша GIZ бөлімінің GIZ жобаларын жоспарлау бойынша жетекші маманы (Эшборн қ., Германия) доктор Лотар Ян,  ұйымның ішінде құқыққа қолжетімділік, құқықтарды жүзеге асыру және дамуының мәселелрі саласында еркін консультант (Германия) Тилльманн Шнайдер, заңгер (GIZ, Эшборн, Германия) доктор Татьяна Крюгер, «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттікке жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының жетекшісі, Қазақстандағы GIZ өкілдігінің басшысы (Германия) Йорг Пуделька, жоба консультанты (Германия) Мария Краузенбоек және Қазақстандағы жоба үйлестірушісі (Казахстан) Алиса Котоянц Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) болды.

Қонақтармен кездесу барысында Сот төрелігі академиясының ректоры Мұрат Бейбітов білім беру мен сот практикасының өзара байланысын күшейту үшін Сот төрелігі институты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құрылымынан бөлініп шықты және 2016 жылдың 18 ақпанында Президент жарлығымен ерекше мәртебесі бар, магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріннің біліктігін арттыру мен қайта даярлау және ғылыми зерттеулерден тұратын 3 бағыт бойынша қызметін жүзеге асыратын Сот төрелігі академиясы құрылғандығын хабарлады. Бейбітов мырза 2016 жылдың 1 қыркүйегінде магистранттар контингенті - 117 адам және 2016 жылдан сот жүйесі қызметкерлері арасынан білім алушылардың көбею динамикасы бақыланадтынын айта кетті. Сондай-ақ, ректор Сот төрелігі академиясы сот төрелігі мен сот жүйесі дамуының мәселелерін зерттеу аясында үнемі көптеген халықаралық ұйымдар мен білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылы Сот төрелігі академиясы Беларусь Мемлекеттік Университеті, Түркия Әділет Академиясы, Сингапур Сот Колледжі, Финляндияның Скандинав Академиялық Ұтқырлық Институты және Корея Республикасының Сот Зерттеулер және Оқыту Институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында, қонақтар жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламалары, соның ішінде Сот төрелігі академиясына түсу үшін қойылатын талаптар, және сот жүйесіне кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстары, сонымен қатар, курстардың ұзақтығы, білімді бақылау нысандары және т.б. туралы сұрақтар қойып, 2018-2020 жылдарға болашақ ортақ жобалар үшін идеялар мен ұсыныстар жинап жүргендіктерін айта кетті.

Тараптар әрі қарай келіссөздер жүргізуге байланыс деректерімен алмасты.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы