Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында 2-курс магистранттарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақрыбы бойынша дөңгелек стол өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 26  қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ғимаратында 2-курс магистранттарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» - атты тақырыпта дөңгелек стол өтті.

Бұл жиынның ерекшелігі академия магистранттары мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері ретінде дөңгелек үстелдің тақырыбына сай баяндама жасады. Атап айтқанда жиынның модераторы  Сейлов Нұрбол, баяндамашылар Бейсов Дархан – Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, Урунбасарова Эльмира – «Жас-Отан» жастар ұйымының төрайымы, Абдибекова Асель – «Нұр-Отан» партиясының өкілі, Жаксатова Айгерім – прокуратура өкілі, Абдрашит Анар – «Инвестиция және даму министрлігінің» жауапты хатшысы, Кильбаева Камшат – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық комитетінің» өкілі, Жұмажанов – Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі, Адамбек Азат – Астана қаласы әкімінің өкілі, Исалиев Адилхан – мектеп директоры, Абжапаров Өрнек, Бейлгожин Рауан – «Әділет» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Карымсаков Жанат – сот өкілі, Бекетанова Акбалгын – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі ретінде қатысты.

Аталған іс-шара қатысушылар қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы мен осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы жан-жақты мәліметтер баяндалды және өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сауалдар қойып, пікір алмасты.