Академияға Қырғыз Республикасының Жоғары соты жанындағы сот төрелігі Жоғары мектеп делегациясы келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Академияда Қырғыз Республикасының Жоғары соты жанындағы сот төрелігі  Жоғары мектебі делегациясы құрамында  директор  Тургунбаева Р.К., Қырғыз Республикасының Жоғары сотының судьясы Мельникова М.П., Бішкек қалалық сотының төрағасы, Қырғыз Республикасының судьялар Кеңесінің мүшесі Воронцова И.Н., Қырғыз Республикасы Жоғары сотының Төрағасының қызметін  қамтамасыз ету басқармасының аға референті Кушназарова Ж.К., Қырғыз Республикасының Жоғары соты жанындағы сот төрелігі Жоғары мектебінің бас маманы Борончиева Ж.К.  болды.

Сапардың мақсаты  - халықаралық ынтымақтастықтың одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы сот төрелігі Академиясы  мен Қырғыз Республикасының Жоғары Соты жанындағы  сот төрелігінің Жоғары мектебі арасында сот білімі саласында тәжірибе алмасу.

Академия басшылығы қонақтарды сұхбат барысында Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыратыны, соттардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін  арттыруы және қайта даярлайтыны, сонымен қатар, ғылыми қызметті жүзеге асыратыны туралы ақпараттандырды. Оқу  профессорлық-оқытушылық құраммен қатар Жоғарғы Соттың қазіргі судьялары, сонымен қатар отставкадағы судьялармен  жүргізіледі. Болашақ судьялардың тәжірибелік дайындығына ерекше назар аударады. Вице-ректор Н.Раззак қонақтарды Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясының дамуына бағытталып, соған сәйкес өткізілген жұмыспен таныстырды.

Стратегия сот оқуы мазмұнының жүзеге асуына, инновациялық технологиялардың енгізілуіне, сот оқуының ғылыми-тәжірибелік сипаттағы дамуына, судьялардың тәртібін  жоғары этикалық стандарт бойынша қадағалау және көмектесуге дағдыландыруына бағытталған.

Қорытындылай келе, қонақтар берілген ақпараттарға алғыс білдіріп,  одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артатындарын атап өтті.